Жаңалықтар тізбегі
0

Қызына WhatsApp-та тіл тигізгені үшін елордалық тұрғын 2 млн теңге өндіріп алды

Кибербуллинг, WhatsApp, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 21:10 Сурет: unsplash
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны WhatsApp-тағы чатта қызына сыныптасы тіл тигізіп, қорлағаны үшін сотқа жүгініп, 2 млн теңге моральдық өтемақы өндіріп алды. Азаматтық істі Алматы аудандық соты қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттағылар нақтылап өткендей, 2021 жылғы қыркүйек айында бұрынғы сыныптастардың WhatsApp-тағы чатында жауапкерлердің баласы өзінің сыныптастарына, соның ішінде талап қоюшының қызына тіл тигізіп, қорлайтын хабарламалар жазған.

Қыздың анасы сотқа жүгініп, 5 млн теңге сомасында моральдық өтемақы төлеуді талап етті. Себебі сыныптастарының қорлаған хабарламаларының салдарынан кәмелетке толмаған қызы бір ай бойы күйзеліске түсіп, жылап, өзін қоярға жер таппаған. Ақырында қызына психологтың көмегі қажет болған. Алматы аудандық соты

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен жасөспірімнің әкесі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Моральдық зиянды өтеу мөлшерін анықтау кезінде сот сыныптастарын қорлау нәтижесінде психологиялық күйзеліске ұшыраған кәмелетке толмаған адамның жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының өмірлік маңыздылығын ескерді, сондай-ақ жауапкерлердің отбасылық және мүліктік жағдайы есепке алынды.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды, баланың ата-анасынан талап қоюшының пайдасына ортақ тәртіпте 2 млн теңге мөлшерінде моральдық зиянның өтемақысы өндіріп алынды. Алматы аудандық соты

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: