Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбазының өліміне куә болғандарға іздеу салынады

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 19:17 Сурет: Zakon.kz
Талдықорғанда полиция қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде әскери қызметкердің қаза болуына қатысты мән-жайды анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қаңтардың тәртіпсіздіктері кезінде Ұлттық ұланның 19 жастағы сарбазының өліміне куә болған адамдар болса, өздеріне хабарласуды сұрайды.

Сарбаз Айбат Аманов 5 қаңтарда Талдықорғанның орталық алаңында қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қаза тапты.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 7, 9, 15-тармақтары, яғни "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық тергеу ісі жүргізіліп жатыр.

Жас сарбаздың қаза болу фактісі бойынша қандай да бір ақпарат білетіндер болса, барлығынан 8 771 404 86 14 немесе 102 телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз. Анонимдікке және ақшалай сыйақыға кепілдік беріледі. Алматы облысының полиция департаменті
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: