Жаңалықтар тізбегі
0

«Робинбек» жазаланды. Сека вайнердің ролигі полицейлердің назарына ілікті

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2022 22:24 Сурет: видеодан алынды
Сека деген лақап атпен танымал алматылық вайнер әрі блогер Серғазы Тоқтарбекке ролик түсірілімі кезінде қауіпсіздік белбеуін тақпай қалада жүргені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер байлардың көлігін ұрлап, онымен кедейлерді тасыған юмор желісіндегі видеороликті тамашалай отырып, блогердің жол ережесін нақты бұзғанын анықтады.

1987 жылғы азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 593-бабы 2-бөлігі, яғни "Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамау" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жолда бұлай жүруге жол берілмейтінін тағы еске саламыз. Алматы қаласы ІІБ бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: