ІІМ ардагері Эрнст Басаров 85 жасқа толды
Эрнест Омурзакұлы 1937 жылы 7 мамырда Алматы облысы Сарыжаз ауылында шекарашының отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1954 жылы «Социалистік жол» газетінің әдеби қызметкері болып бастаған.
1955-1966 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқыды. 1960 жылдың тамыз айында Алматы қаласы милиция басқармасының жол қадағалау инспекторы болып ішкі істер органдарына қызметке кірді.
Кейіннен ІІО-ның түрлі лауазымдарында қызмет етті: учаскелік полиция қызметкері, жедел уәкіл, анықтаушы, тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Қазақстанның ІІМ тергеу басқармасының аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі, Қазақ КСР ІІМ кадр жұмысы басқармасы бөлім бастығының орынбасары.
1976 жылы Жамбыл облыстық атқару комитетінің ІІБ бастығының орынбасары болып тағайындалды, кейін елордаға Қазақ КСР ІІМ штабының бастығы болып ауыстырылды, содан кейін министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды, сосын ішкі істер министрінің Бірінші орынбасары болды.
Туған күн иесін Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов, Ішкі істер Министрі Марат Ахметжанов пен Алматы қаласының Әкімі Ерболат Досаев құттықтап, естелік сыйлығын табыстады.
Милиция генерал-майоры Басаров Эрнст Омурзакұлы – КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, оның марапаттары мен сіңірген еңбегін тізіп бітіре алмайсың. Мен Эрнст Омурзакұлына жас қызметкерлерді тәрбиелеу мен дамытуға қосқан орасан зор үлесі, өзінің бай тәжірибесі мен қызметтің үздік дәстүрін үйретіп, жан-жақты қолдау көрсетіп отырғаны үшін шексіз алғысымды білдіремін. Біз үшін бұл өте құнды, деді – Қанат Таймерденов өз құттықтауында.
Генерал-майор қазіргі ІІМ қызметкерлеріне ақылын айтып, тілегін жаудырды.
Өз кезегімде айтарым, өкініш жоқ. Халық пен мемлекет игілігі үшін қызмет еткеніме, өмірім бекер өтпегеніне мақтанамын. Шешімдерің мен әрекеттеріңе өте мұқият және байсалды бол деп бір кездері менің тәлімгерім маған айтқандай, менде соны қазіргі жас қызметкерлерге айтқым келеді. Барлық ұрпақтың өз қиындығы болды. Бірақ біз еңсердік, сіздер де еңсересіздер деп сенемін. Әрқайсыңызға денсаулық пен шыдам тіледім. Барлығыңыздың генерал шеніне дейін өсуіңізге тілектеспін, – деп ризалығын білдірді милиция генерал-майоры Эрнст Басаров.