Жаңалықтар тізбегі
0

Несие, баспана мәселесін шешіп, тергеу ісіне де ықпал етуді уәде еткен әйел тұтылды

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2022 22:54 Сурет: Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Алматы полицейлері "құрығы ұзын - билігі күшті" әйелді қамауға алды. Бостандық аудандық полиция басқармасы оның бірқатар алаяқтық әрекеттер бойынша күдікке ілінгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бөлімшенің өндірісінде үш адамның арызы жатыр. Ол біреуге әлеуметтік тұрғын үй кезегін "жылжытуға", тағы біреуге банктен қайтарымсыз несие алып беруге уәде етсе, тағы бірін қылмыстық істі тергеу барысына ықпал ете алатынына сендірген.

Уақыт өте келе бұл адамдар алданғанына көз жеткізіп, ішкі істер органдарына арызбен жүгінді. Б деген азамат ұсталды. Тергеу кезеңінде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілетін болады. Сонымен қатар, қазір басқа да ықтимал жәбірленушілерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, жүзеге асырылуда. Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Думан Аухадиев

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған азаматтың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендер болса, онда мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 254-47-01; 254-47-02 және 8-702-160-06-34

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: