Маңғыстауда кептеліс кезінде жолды айналып өткен полицейге айыппұл салынды
Сурет: видеодан алынды
Оқиға куәгерлері түсірген видео желіде тарады. Онда кептелісте тұрған көлік жүргізушілерінің көзінше патрульдік көліктің жол жиегіне қалай өтіп, жанама жолмен шаңдата отырып, қайта тас жолға түскенін көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Лада" басылымының хабарлауынша, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 1-бөлігі, яғни "Жол жүру ережелерін бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру" бойынша хаттама толтырылды.
Оған сәйкес, тәртіп бұзушыға 15 айлық есептік көрсеткіш, яғни 47 700 теңге көлемінде айыппұл салынуы тиіс.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript