Ақтауда балаларға балта ала жүгірген ер адам үш тәулікке қамауға алынды
Сурет: Zakon.kz
Мас ер адам кәмелетке толмаған үш баланы пәтеріне күштеп апарып, оларды балтамен қорқытқан. Зардап шеккендердің айтуынша, ер адам жартылай жалаңаш болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі ер адамның ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген "Ұсақ бұзақылық", яғни айналасындағыларға құрмет көрсетпеу, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге бару бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын жеткізді.
Оған үш тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жаза қолданылды, деп хабарлайды "Лада" интернет-басылымы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 10 мамырда сағат 14:30 шамасында 4-ші ықшам ауданда орын алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript