Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда жалаңаш ер адам үш баланы пәтерге сүйреп кіргізіп, қорқытқан

балаларды қорқытты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2022 09:24 Сурет: pixabay
Ақтауда ішімдік ішкен жалаңаш ер адам кәмелетке толмаған үш баланы пәтерге сүйреп кіргізіп, балтамен қорқыта бастаған. Абырой болғанда, олар қашып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ASTANA TV арнасының хабарлауынша, бірінші сыныптағы екі қыз бен олардың досы балаларды серуендеуге шақыруды ұйғарған. Олар көршінің есігін қағады, есік ашылғанда, босағада жалаңаш әрі мас ер адам тұр екен.

Балалар ер адамның оларды пәтерге сүйреп кіргізіп, балтамен қорқытқанын айтты.

Ол мені жұлқылап, қолымнан тарта бастады. Содан кейін кездескенше деп айтты да, саусағын мойын бойымен жүргізді, кескен сияқты. Балтаны лақтырды. Зардап шеккен бала

Тағы бір баланың сөзінше, ер адамның бөлмесінде балта болған. Ол балаларға бөлмеде мылтық пен оқтардың бар екенін айтты.

Абырой болғанда балалар қашып үлгерді.

Көршілердің сөзінше, ер адам үйге бір ай бұрын қоныстанған, бірақ осы аз уақытта бәрінің мазасын алып, көршілердің берекесін қашырған.

Біз бәріміз шоктамыз. Тіпті полицейлермен өзін жөнсіз ұстады. Үрейіміз қашып кетті. Көрші алкогольді асыра пайдаланады, өте агрессивті, бұл отбасына қатысты бірінші оқиға емес. Бір көршісінің ол тіпті терезенін сындырып, қорқытты. Көршісі Ксения Салимова

Бұзақыны полиция бөлімшесіне жеткізгенімен, бірнеше сағаттан кейін ол қайтадан үйіне оралған. Келе сала көршілеріне ұятсыз балағат сөздер айтқан.

Полицейлердің айтуынша, ер адамдардың әрекетінен қылмыс құрамы байқалмаған. Бірақ, тәртіп сақшылары «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша хаттама ашты.

Шақыру бойынша жедел-тергеу тобы, учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ ювеналды полиция қызметкерлері келді. Бұл факт тіркелді. Онда қылмыс құрамы болмағандықтан, материал номенклатуралық іс бойынша есептен шығарылды. Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ҚДП баспасөз хатшысы

Көршілері бұған дейін полицияға ондаған арыз жазып, енді прокуратураға жүгінбекші. Айтуларынша, көршісі бұрын сотты болған, екі жылдан бері наркологиялық диспансерде есепте тұрады. Сонымен қатар, олар ер адамның кәмелетке толмаған екі қызын медициналық тексеруден өткізуді өтініп мектепке жүгінген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: