Нұр-Сұлтанда ойынқұмар жігіт компьютер клубында ақша ұрлады деген күдікке ілінді
Сурет: Zakon.kz
Ұсталған жас жігіт өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға оның қатыстылығы бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Момышұлы көшесіндегі компьютер клубының 20 жастағы клиенті ойын барысында көрші компьютерде отырған танысының күртешесінің қалтасына 40 мың теңге көлемінде ақша салып жатқанын байқайды. Құлаққап тағып отырған ер адам ойынға ынта-шынтасымен берілген кезде қаскөй ол ақшаны жымқырып, белгісіз бағытта ізін суытқан.
"Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript