Ақтауда полицейлер қарасора өсірумен айналысқан екі зертхананы анықтады

Қарасора, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2022 14:49 Сурет: Zakon.kz
Ұсталғандарға қатысты бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ бұлтартпау шарасы таңдалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция марихуана өсірумен айналысқан екі өсімдік зертханасы қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды lada.kz.

Қаладағы ықшам аудандардың бірінде 29 жастағы ер адам ұсталды. Оның зертханасы екіқабатты жекеменшік үйінің екінші қабатында орналасқан. 13 түп қарасора, арнайы сұйықтығы бар ыдыстар және минералды тыңайтқыштар тәркіленді.

Тағы бір осындай факті бойынша бұрын сотталған 38 жастағы ер адам ұсталды. Оның тұрып жатқан үйінен тамақ пісіретін ыдысқа отырғызылған марихуананың сегіз түбі және түрлі тұқымдары тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі, яғни "Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталғандарға қатысты бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ бұлтартпау шарасы таңдалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: