Оралда ер адамды пойыз қағып кетті
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қайғылы оқиға Желаев-Орал өткелінің 126-шы шақырымында орын алды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі, яғни "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Ведомство тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript