Қарағандыда орталық саябақта электр бағаны баланың үстіне құлап кетті
![Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 19:56](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-aeedc627-7047-4c47-af1c-17c7c4ace612/800x451.webp)
3 маусымда сағат 12:35-те велосипедпен кетіп бара жатқанда 10 жасар баланың үстіне электр бағаны құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіні полиция тіркеді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Балаға "жабық бас сүйек-ми жарақаты", "мидың шайқалуы", "төбесінде ісу, көгеру түріндегі жарақат" диагнозы қойылды. Бала амбулаториялық емделу үшін үйіне босатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript