Өскеменде жабық аялдамада қыз баланың үстіне әйнек құлады

Өскеменде жабық аялдамада қыз баланың үстіне әйнек құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
YK-news.kz басылымы оқыс оқиға 13 желтоқсанда Сәтбаев даңғылындағы жабық аялдамада болғанын жазады. ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен адамның Ана мен бала орталығына жеткізілгенін нақтылады.
"Қыз аздап жарақат алған, тері асты гематомасы, яғни көгеру орыны бар. Өзін жақсы сезінеді, ол үйіне босатылды". ШҚО денсаулық сақтау басқармасы
2024 жылғы 26 маусымда Атырауда Жеңіс саябағында түнде жазатайым оқиға болған. Ол кезде жеті жасар балаға ескерткіш құлаған еді. Зардап шеккен қыз ауруханада қайтыс болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript