Дағыстанда адам толы тікұшақ үй үстіне құлады

Қайғылы оқиға, Дағыстан, тікұшақ, құлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 19:44 Сурет: ТЖМ-ның Дағыстан бойынша басқармасы
Дағыстанда Ачи-Су елдімекенінде тікұшақ жекеменшік қараусыз үйдің үстіне құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Известия" басылымының мәліметінше, тікұшақ бортында барлығы жеті адам болған, олардың үшеуі бірден көз жұмса, ал біреуі сыртқа шыққанымен көп ұзамай жан тапсырған. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы ауыр екені белгілі.

ТЖМ аймақтық басқармасының мәліметінше, тікұшақ Кизлярдан ұшып шығып, Избербашқа бағыт алған.

Тамыз айында Қазақстанда жеңіл авиация қызметіне тыйым салынғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: