Рудныйда 12 жасар бала ойын алаңында мерт болды
Сурет: Zakon.kz
Бала турникте өзі жалғыз ойнап жүрген. Оның абайсызда арқанға оралып қалуы мүмкін екендігі туралы болжам бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Алдын ала ақпарат бойынша, ересектер оқыс оқиға орнына жүгіріп жеткенімен, бәрі кеш болған.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда орталық саябақта электр бағаны баланың үстіне құлап кетті
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript