ҚР ІІМ Өңірлерде кадрлық тағайындаулар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді
Ішкі істер министрлігі жүйесінде тұрақты түрде ашық кадрлық тағайындаулар өтті. Ведомство басшылығы полиция басқармасының басшысы, полиция департаменті бастығының орынбасары және Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымдарына үміткерлерді жеке зерделеді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек
Спикердің айтуынша, жаңа тағайындау форматы аясында ұсынылған кандидаттардың әрқайсысы жеке-жеке қаралды.
Мәселен, бірінші кезекте министр мен оның орынбасарлары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары қызметіне Қайрат Үмбетовтің кандидатурасын қарады.
Кандидат қаралғанда олар Қайрат Үмбетовтің ерлік жасап, әскерге шақырылған сарбазды граната жарылысынан денесімен жауып, түрлі жарақат алғанын еске алды.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрінің бұйрығымен:
Қуаныш Орынбетов Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары қызметіне;
Ермек Әлжанов Павлодар полиция басқармасы басшысы қызметіне;
Алмас Әмзеев Шымкент қаласы Еңбекші ауданы полиция басқармасының басшысы лауазымына ұсынылды.