БҚО-да автобус пен LADA Kalina соқтығысып, бір адам қаза тапты
Сурет: Instagram/policebqo
8 маусымда шамамен сағат 18:35-те Жәңгір хан көшесі бойында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
№ 7 жолаушылар автобусы LADA Kalina жеңіл көлігімен соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2004 жылғы азамат оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, олар оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтайтын болады. БҚО ПД баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript