Елордалық балаларды дамыту орталығында ұл бала үш сағат бойына қызды қорлаған
Сурет: pixabay
Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бала қызды ұрып, шашынан сүйреген. Соған қарамастан тәрбиешілердің ешқайсысы оларға ара түспеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Балаларды дамыту орталығы тәрбиешісінің заңсыз іс-әрекеттері фактісіне сәйкес, "Алматы" аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодекстің 140-бабы, яғни "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Кішкентай балаға қатысты сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript