Шымкентте бір әйел құндыз тонын етегінің астына жасырып, ұрлап кеткен
Сурет: видеодан алынды
Қаскөйдің арам әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ұрлық жасауға оған құрбылары көмектескен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға қаладағы сауда орталықтарының бірінде орын алды, деп жазады Otyrar.kz.
Шамамен құны 1 миллион теңге болатын итальяндық құндыз тонның жоғалғанын анықтаған соң сатушы полицияға жүгінді.
Видеодан белгілі болғандай, ұрлыққа үш әйелдің қатысы бар. Бірі тонды тығып алса, екіншісі оны көлегейлеп тұрған, үшіншісі сатушыдан киімнің өлшемін сұрап, оның назарын басқа жаққа бұруға тырысқан.
Қазір полиция тергеу амалдарын қолға алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript