«Жіберші...». Полицейлер суға батып бара жатқан елордалық келіншекті құтқарды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2022 14:44 Сурет: pixabay
Нұр-Сұлтан тұрғыны түнде полицияға хабарласып, Бейсеков көшесіндегі көпірдің жанындағы өзенде құрбысы суға батып бара жатқанын айтты. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің екі наряды дереу аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер судағы әйелді көрді.

Бірнеше секунд ішінде олар жүзе отырып, әйелге жетіп, оны құшақтап алды. Бірақ әйел өзін біртүрлі ұстап, көмектен бас тартты. Полиция полкінің үш қызметкері оны жағаға еркінен тыс көтеріп шығарды. Нұр-Сұлтан қалалық полициясының баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, мұндай жағдайға әйел күйеуімен ұрсысып, содан кейін ішімдіктен аздап тартып салған соң барған.

Оған психологиялық көмек көрсетіліп, арада профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: