Нұр-Сұлтанда бір әйел жетінші қабаттан құлап, мерт болды
Сурет: Zakon.kz
Әйелдің балконнан құлаған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Елордалық полиция сотқа дейінгі тергеу шараларының қолға алынғанын жеткізді, деп хабарлады Zakon.kz.
Нұр-Сұлтанда Достық көшесінде жетінші қабаттың балконынан бір әйел құлап кетті, деп хабарлайды елордалық ПД.
Алған жарақаттарынан зардап шегуші оқиға орнында мерт болды.
Елорданың 50 жастағы тұрғынының жеке басы анықталды. Құлаған кезде марқұмның туыстары үйде болған. Нұр-Сұлтан қалалық ПД
Оқыс оқиға бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript