Семейде әйел адам балконнан құлап, мерт болды
Сурет: pixabay
Семейде балконнан құлап қаза тапқан әйелдің өліміне қатысты "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл жөнінде Zakon.kz тілшісіне Абай облысының полиция департаменті хабарлады.
Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, әйел Семейдегі 343-кварталда бесінші қабаттан құлап кеткен.
"Затон полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды". Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.
obvk.kz басылымының жазуынша, 19 наурыз күні сағат 22:00 шамасында "102" пультіне №4 үйдің бесінші қабатының балконына асылып тұрған әйел жөнінде қоңырау түскен. Оны сол көшеден өтіп бара жатқан адам байқап қалған.
"Оқиға орнына дереу полицейлер мен жедел жәрдем аттанды... Барлық қызметтің жедел жеткеніне қарамастан, подъезге кіре алмай, әйелді құтқару мүмкін болмады. Сағат 22:10-да ол балконнан құлап, алған жарақатынан тіл тартапй кетті", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына барған obvk.kz тілшісінің айтуынша, тұрғындардың ешқайсысы полиция қызметкерлеріне де, басқа адамдарға да подъезд есігін ашпай қойды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript