Жаңалықтар тізбегі
0

Көпірден секірмек болған ер адамды Алматы полицицейлері аман алып қалды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 19:42 Сурет: Zakon.kz
Оқыс оқиға 22 маусымда Алматының Жетісу ауданында болған. Өзін оғаш ұстаған адамға бірінші болып «Буран-173» патрульдік полициясының экипажы назар аударған, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Кезекшілікте болған кезімізде Солтүстік айналма көшесінің бойындағы көпірде бір адамды көрдік: ол көпірден секірмек болды. Жедел түрде қызметтік көлікті кері айналдырып, оған қарай жақындадық. Әріптесім жүгіріп барып, егде жастағы адамды ұстап қалды», - дейді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция Полкінің қызметкері, полиция лейтенанты Ерлан Шаяхмет.

Патрульдік қызметкердің серіктесі, уақыттың өте тығыз болғанын түсіндірді.

«Мен көліктен жүгіріп барғанымша, бұл адам бір аяғын көпірдің қоршауынан асырып үлгерген. Бірақ, мен оның шалбарының белбеуінен ұстап, өзіме қарай тартып алдым. Бұл - шамамен 63 жастағы қарт адам. Ол жол жиегіне отырып, қатты жылай бастады. Оны отбасы тастап кеткен және ол өмірдің мәнін көрмеген болып шықты. Болған оқиға туралы жедел кезекшіге хабарлап, ер адамды Жетісу аудандық полиция Басқармасына жеткіздік. Оған бірінші кезекте психологиялық көмек көрсетілді», - деді, Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция Полкінің қызметкері, полиция аға лейтенанты Абылайхан Оқас.

Белгілі болғандай, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам мас болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: