Атырау облысының тұрғыны өз ауласында қарасора өсірген
![Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2022 19:33](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-cda8761f-a054-4030-8e1b-38c72b3eb152/800x451.webp)
Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесі мен Экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ауласында есірткі өсірген тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәртіп сақшылары 1981 жылғы аудан тұрғынының мекен-жайын тексеру кезінде ауласында өсіруге тыйым салынған, күтіп-бапталған есірткіге ұқсас өсімдіктерін тауып, тәркіледі. Жүргізілген сараптама нәтижесінде 49 түп «сора» өсімдігі екені белгілі болды. Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
![Арнайы операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2022 19:33](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-09d1fd19-847a-49c6-84f9-0fa7a5919046/800x451.webp)
Сурет: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript