Түркістан облысының полицейлері есірткі сақтаған егде жастағы ер адамды анықтады

есірткіге ұқсас зат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 11:58 Сурет: polisia.kz
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғынның есірткі затына ұқсас өсімдікті сақтап жүргенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер күдіктіні тінту кезінде қағаз орамына оралған есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдікті тәркілеп алды.

Аталған өсімдікті айғақты зат ретінде алып, сараптама тағайындады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен,сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, ол салмағы бес грамға жуық кептірілген марихуана болып шықты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: