Қарағандылық полицейлер браконьерден 280 келі балық тәркіледі
Сурет: polisia.kz
1 мамырда Нұра аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау полиция тобы қызметкерлері “Уылдырық шашу” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар таңғы сағат 6.00 шамасында су қоймаларының бірінен ауыл аралық жолымен келе жатқан көлікті байқады.
Полицейлер Нұр-Сұлтан қаласының 45 жастағы тұрғыны басқарған аталған көлікті тоқтатты.
Автокөлікті тексеру барысында 280 келі әртүрлі тұқымды балық табылып, алынды.
Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгеден асты. Тиісті сараптама тағайындалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript