Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда BMW X7 жарық бағанына соғылып, аударылып қалды – ПД түсініктемесі

Әлеуметтік желі Сурет: Instagram/astana_sergek
Нұр-Сұлтанда түнде BMW X7 көшені жарықтандыру бағаны мен жол белгісіне соғылып, содан ұшып барып төңкеріліп қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апатының видеосы Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін елордалық полиция департаментіне хабарласып, жол апатының сағат 00:10 шамасында болғанын білді.

BMW X7 көлігінің жүргізушісі ЕК-32 көшесімен келе жатып, Достық көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, көшені жарықтандыру бағаны мен "Тоқта" жол белгісі тірегіне соғылып, салдарынан көлік аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарауынан кейін үйіне босатылды. Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі

Ведомстводағылар BMW X7 жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті. Материал түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау, белгіленген шектегі жылдамдықты асырмау және қашықтықты сақтау керектігін ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз