«Үй алып беремін». Алаяқ келіншек көптің 20 млн теңгесін алдап алған
Сурет: Zakon.kz
2022 жылдың 5-6 маусымда 19 қызылордалық әккі алаяққа алданғанына шағымданып, полицияға көмекке жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арызда олар 2021 жылдан бері бір азаматша сенімдеріне кіріп, "мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беремін" деп 20 млн теңгеден астам ақшаларын алдап алғанын көрсеткен. Алайда ол осы уақытқа дейін уәдесін орындамай, ақшаларын да қайтармаған. Басқарма қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, қала тұрғындарын сан соқтырған 32 жастағы күдікті азаматша ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1,3,4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Жыл басынан бері Қызылорда қаласында 322 алаяқтық дерегі тіркелген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript