Семейде жүргізуші куәлігімен байланысты алаяқтық фактісі әшкереленді
Сурет: Zakon.kz
Полицияға 2025 жылдың желтоқсанында алданғанын хабарлап, Семей қаласының 21 жастағы тұрғыны көмекке жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бейтаныс ер адам жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде беріп, 785 000 теңге көлемінде ақшасын иемденген. Ақша алынғаннан кейін уәде етілген қызмет көрсетілмеген.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында Криминалдық полиция қызметкерлері аталмыш қылмысты жасаған деген күдікке ілінген Бородулиха ауданының 23 жастағы тұрғынын анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Аталған факті бойынша алаяқтық бабымен алдын ала тергеу жүргізілуде. Күдіктінің әрекеті бойынша оған келуге міндеттеу шарасы таңдалды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Полиция кез келген "жылдам" құжат алу ұсыныстары заңсыз және қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін екенін еске салады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript