"Элиталы тұрғын үй кешенінен пәтер ұсынған": Алматыда тағы бір алаяқтық фактісі әшкереленді

Алматыда жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық фактісі әшкереленді. Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылы 7 ақпанда Алматы қалалық полициясы интернетте отырып-ақ ақша тапқан бойжеткеннің ұсталғанын хабарлады. Бойжеткен интернетке Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінен пәтерді өте тиімді шарттармен жалға беру туралы хабарландыру орналастырған.
"Үйге көшкісі келетіндер көп болды. Кем дегенде бес адам үй иесінің шарттарын бірден орындап, оған ай сайынғы пәтер ақысын толық аударып жіберген. Оның үстіне, алданғандардың ешқайсысы пәтерді өз көзімен көрмеген, “пәтер иесінің” сөзіне сеніп қалған. Бұл - азаматтардың ең үлкен қателігі. Өзіңіз көз жеткізбеген нәрсеге ешқашан ақша төлемеу керек", - деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Бұған дейін Павлодарда жол апатын жасап, кісі өліміне себепкер болған бұрынғы ІІМ қызметкері сотталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript