Тұрмыстық-отбасылық құқық бұзушылықтарға қатысты заңнамаға түзетулер енгізіледі
Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі тұрмыстық-отбасылық құқық бұзушылықтарға қатысты заңнамаға түзетулер енгізілетінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомства атап өткендей, бүгінгі таңда полицияның бұл салада өкілеттігі шектеулі. Тәртіп сақшылары “үй тирандарын” арыз жазылған кезде ғана жауапқа тарта алады. Сондықтан денсаулыққа зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін жауапкершілікті криминализациялау қоғамда белсенді түрде ұсынылуда.
Жыл басынан бері полицияға тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша 70 мың хабарлама келіп түсті. Оның 43 мың жағдайында шақыртушылар арыз жазудан бас тартқан: бірі жәбірлеушісімен татуласса, ал енді бірі үйдегі агрессордан қорыққанынан. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Бұл ретте министрлік әкімшілік қамаққа алу мерзімін ұлғайтып (төменгі шегін арттыра отырып), ал ескертудің орнына – қоғамдық жұмыстарға тартуды енгізу қажет екенін айтады.
Денсаулыққа зиян келтірумен байланысты қылмыстардың жекелеген құрамдарына – “тұрмыстық-отбасылық қатынастардағы адамға қатысты” деген саралау белгісі енгізілсін. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Тараптардың татуласу мүмкіндігі тек сотта және бір рет болады. Заңнамалық түзетулер пакеті әзірленіп, мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript