Қостанай облысында екі науқас психиатриялық орталықтан қашып кеткен

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2022 11:36 Сурет: Zakon.kz
Қостанай ауданының Жамбыл ауылында 17 шілде күні сағат 09:00-де қашқын науқастар өзен жағасынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Психиатриалық орталықтан екі науқастың қашқаны туралы ақпарат, алдымен әлеуметтік желіде тарады.

Қостанай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, барлық полиция жасақтары іздеу жұмысына жұмылдырылды.

Науқастар 17 шілдеде сағат 09:00-де Қостанай ауданының Жамбыл ауылынан табылды. Олардың өзен жағасында болғандығы айтылады.

Сонымен қатар полиция мессенджерлерде науқастардың ауыр қылмыс жасағаны туралы тараған ақпараттың жалған екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: