Жаңалықтар тізбегі
0

Блогер Данат Намазбаевқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 21:17 Сурет: zakon.kz
Алматы қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Данат Намазбаев пен Марғұлан Боранбаевты ұлттық араздықты қоздыру және билікті басып алуға ашықтан ашық шақыру бойынша айыпты деп таныған істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші сатыдағы сот 2022 жылы сотталушылар кінәлі деп танылып, оларға бес жылын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткізу үкім етілгенін жеткізді.

Алматы қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Алайда блогер Данат Намазбаевтың қолдау тобы оның кінәсі дәлелденген жоқ деп есептейді.

Апелляциялық соттың үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешімі әділетсіз, өйткені оның кінәлі екенін айғақтайтын ешқандай дәлел жоқ. Қазір күн сайын жаңалықтарға қарасаңыз, олигархтар ұрлаған миллиардтаған теңгені Қазақстанға қайтарып жатқаны туралы даң-дұң тақырыптардан қанығасыз. Сонда, шын ғой, Данаттың жазғаны, ол жемқорларды елді тонап, заңсыз алған ақшаны қайтаруға шақырды емес пе?.. Сотталған блогердің жұбайы Әлия Намазбаева

Сотталушының адвокаты бұл сот шешіміне қарсы отбасы Жоғарғы сотқа шағымдануды жоспарлап отырғанын айтты.

Блогер жемқорларды, Қазақстанға қатысты ресейлік саясаткерлердің мәлімдемелерін сынға алып, көзге түскен. Сондай-ақ ол Ресейдің Украинадағы әскери іс-қимылдарын айыптайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: