Ақсайда дүкен иесін өз үйінің алдында атып кетті

Кәсіпкерді атып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 22:11 Сурет: Zakon.kz
15 шілдеде сағат 22:00-де Ихсанов көшесіндегі үйдің кіре берісінен күштеп өлтірілген кәсіпкердің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, кәсіпкердің басына оқ тиген.

Үй ауласынан қақпаның жанынан белгісіз маркадағы тегіс ұңғылы атыс қаруы табылып, тәркіленді.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкердің денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Орал қаласындағы мәйітханаға жеткізілді.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: