Ақтөбеде педофил 9 жасар қызды зорлап кетті
Бейсенбі күні кешке желіде Ақтөбеде 9 жасар қызға педофил тиісті деген хабар тарай бастады, деп хабарлайды zakon.kz City04.kz-ке сілтеме жасап.
Хабарламада былай делінген:
"2019 жылы 12 желтоқсанда сағат 13:38 шамасында Ақтөбе қаласының №3 полиция кезекші бөліміне 2010 жылы туылған кәмелетке толмаған қызды зорлау туралы шағым түсті. Бұл факт Ақтөбе қаласында 8 наурыз көшесінде Ақтөбе станциясындағы желілілік полиция бөлімшесі ғимаратына қарама-қарсы орналасқан үйде орын алды.
Сағат 13:15 шамасында әкесі қызын үйдің кіре берісінде шешінген күйі құлап жатқан жерінен тауып алған. Әкесі сұр күртеше киген, басына тақияға ұқсас бас киімі бар, 35-40 жас аралығындағы еркектен күдіктенеді. Өйткені ол үйіне келе жатқанда сол уақытта өзі тұратын пәтердің астыңғы есігін қағып тұрған".
Оқиға орнына Ақтөбе қаласының Алматы ауданының прокуроры және қала прокурорының орынбасарлары келді.
Аталған факт Ақтөбе қаласы Алматы аудандық №3 кезекші полиция бөлімінде тіркеуге алынып, қылмысты қай деңгейде тергеуді бастау мәселесі шешіліп жатыр.
Полиция бұл жайтқа қатысты толық ақпаратты 13 желтоқсанда беруге уәде етті. Ал бұл кезде желідегі парақшаларда сұр күртешедегі күдіктінің видеосы тарап үлгерген.