«Доңғалақ сатқыш» алаяқ Алматының бірнеше тұрғынын 15 млн теңгеге алдап соққан
Ер адам өзін тек доңғалақ пен дискілерді көтерме бағамен тікелей қоймадан арзан бағаға жеткізуші ретінде таныстырған.
Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, 1992 жылғы азамат Е. тауар үшін төлемді алдын ала алып отырған.
Төлем "сатып алу" көлеміне байланысты 500 мыңнан 6 млн теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Ақша алған ер адам уәдесін орындамаған, сол кезде алданғандарын бір-ақ білген 12 азамат бізге шағым түсірді. Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов
Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және материал Алатау аудандық ПБ тергеу бөлімінің тергеушілеріне тапсырылды.
Тергеудің осы кезеңінде жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 15 млн теңгеден асады. Күдікті Алматы қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу қажеттілігін ескере отырып, азамат Е-нің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен өзге азаматтар болса, 8 700 300 99 96 және 8 778 626 11 08 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз. Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов
Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы қаласының полиция департаментінің бақылауына алынды.