Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция Ұзынағаштағы атысқа не түрткі болғанын айтты

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2022 20:56 Сурет: pixabay
Алматы облысы полиция департаменті қайғылы оқиға куәгерлерінің берген куәлігіне сүйене отырып, кісі өліміне дейін тараптар арасында ұзаққа созылған араздық болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төбелеске қатысушы қос тарап мектеп қабырғасынан бастап араз болып, бүгінгі күнге дейін бір-бірін жаратпай келген. Соңғы жанжал кезінде күдікті атыс қаруын қолданған. Салдарынан біреуі қайтыс болып, қалған екеуі жарақат алды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауға алынғанын хабарлайды. Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар өткізіп жатыр.

4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына келіп түсті, олардың біреуі жансақтау бөлімінде жан тапсырды. "Ұстау" жоспары жарияланды. Облыстық полиция қызметкерлері төбелеске қатысушылардың барлығын анықтап, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: