Жаңалықтар тізбегі
0

Сенбі күні таңертең ҚР ІІМ таратқан SMS-хабарлама жұртты шошытып жіберді

Киберқылмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2022 12:36 Сурет: pixabay
Бүгін, 13 тамызда сағат 8: 00-де Қазақстан азаматтарының ұялы телефонына ҚР ІІМ-нен SMS келе бастады. Құрылы ведомство бұл хабарламалардың жалған-жалған еместігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мүлкіңізді кепілге қойғалы жатқаны туралы хабарлама алдыңыз ба? Ендеше банкке шұғыл қоңырау шалыңыз, делінген хабарламада.

ҚР ІІМ телефонға келіп түскен бұл хабарлама, шын мәнінде, өздеріне тиесілі екенін айтып, бұл қазақстандықтарға телефон алаяқтары мен жалпы алаяқ тырнағына ілікпеуді егжей-тегжейлі түсіндіру үшін профилактикалық және ескерту сипатындағы SMS-хабарламалар сериясының жалғасы болып табылатынын растады.

Ведомство қазіргі уақытта келесі мазмұндағы мәтіндерге ие SMS-хабарламалар жолданып жатқанын жеткізді:

  • Арнайы жіберілген сілтеме бойынша Anydesk және Teamviewer қосымшаларын телефоныңызға орнатпаңыз.

  • Мүлкіңізді кепілге қойғалы жатқаны туралы хабарлама алдыңыз ба? Ендеше банкке шұғыл қоңырау шалыңыз!

  • Несие рәсімдеу әрекеті туралы хабарланды ма? Банкпен шұғыл түрде қоңырау шалыңыз!

  • Сізден онлайн-несие аласыз ба деп сұрап жатыр ма? Өшіре салыңыз! Алаяқтар ол!

  • Сізден жеке деректеріңізді, карта нөмірін, SMS кодтарын атауды сұрап жатыр ма? Алаяқтар ол!

Байланыс операторларын тарату жүйесінің шектеулеріне байланысты SMS мәтіндеріндегі таңбалар саны да шектеулі.

ҚР ІІМ интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында байланыс операторларымен бірлесіп, қазіргі уақытта қысқа-нұсқа SMS-хабарламалар жолдап жатыр. Бұл хабарламалар азаматтарды қырағы болуға және негізгі сақтық шараларын ұстануға шақырады: ешқандай жағдайда жеке бас деректерін, банк шоттары мен карточкалары туралы ақпаратты белгісіз тұлғаларға, оның ішінде құқық қорғау органдарының, банк қызметкерлері болып өзін таныстырған жандарға SMS арқылы келіп жеткен кодтарды беруге болмайды. Ешбір жағдайда белгісіз адамдардан келіп жеткен бөтен сілтемелерге өтуге болмайды. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің Киберқылмыспен күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: