"Қаққа айырылды". "Шетпе-Жетібай" тас жолындағы жол апатынан үш адам көз жұмды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2022 13:20 Сурет: polisia.kz
Маңғыстау облысында ауыр жол апаты орын алды. Қайғылы оқиғаға 2 қыркүйекте кешқұрым “Шетпе – Жетібай” тас жолының 112/117 шақырымында жол берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
2 қыркүйек сағат 20:00 шамасында 102 кезекші пультіне “Шетпе – Жетібай” тас жолының 112/117 шақырымындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақырту түсті. ВАЗ 2115 көлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай бет алып келе жатқанда қарсы қозғалыс жолағына шығып, MAN жүк көлігімен соқтығысқан. Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2115 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары қолға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: