Қостанай облысында жол апаты орын алып, екі адам көз жұмды
Сурет: Zakon.kz
22 қыркүйекте Алматы-Екатеринбург республикалық тас жолының 400-ші шақырымында жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағат 15:00 шамасында Ford көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford жүргізушісі мен оның жанындағы жолаушысы алған жарақаттарынаноқиға орнында көз жұмды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, яғни "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыркүйек айында өңірде алты жол-көлік оқиғасы орын алып, жеті адам қаза тапқан, тағы төрт адам жарақат алған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript