Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алып, үш адам көз жұмды

Жол апаты, Самара – Шымкент, тас жол, үш адам көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 22:49 Сурет: видеодан алынды
1 желтоқсанда Самара – Шымкент тас жолының 866 шақырымында жол апаты орын алды. Toyota Prado мен Hyundai Sonata көліктерінің соқтығысуы салдарынан 40 жастағы жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, жол апаты салдарынан Hyundai Sonata-ның 40 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. 

"Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мен жеңіл көліктің жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", делінген полиция хабарламасында. 

Айта кетсек, 28 қарашада Қарағандыда екі автобус соқтығысып, жеті жолаушы ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: