Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында халықаралық тас жолда болған жол апаты салдарынан Дон тау-кен байыту комбинатының үш қызметкері қаза тапты. 2026 жылғы 29 шілдеде аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, 2026 жылғы 28 шілдеде Самара – Шымкент тас жолының Хромтау қаласына жақын тұсында Audi және "ГАЗель" автокөліктерінің қатысуымен жол апаты орын алды.
Апат салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда бақилық болды.
"Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Аталған факт бойынша тергеу амалдары қолға алынды", деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті Zakon.kz тілшісіне.
Бұған дейін Жетісу облысының Алакөл ауданындағы Алматы – Өскемен тас жолының 474-шақырымында үш көліктің қатысуымен жол апаты болғаны, үш адам оқиға орнында қаза тапқаны, тағы алты адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілгені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript