Ақтөбеде арнайы мектеп-интернатта балаларды ұрып-соққан медбике жазаланды

Ұрып-соғу бабы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2022 15:54 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі сотында 30 жастағы медбике “азаптау” бабы бойынша сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған қылмыс көктемде психикалық ауытқулары ауыр балалар тәрбиеленетін мектеп-интернатқа прокурорлық тексеру барған кезде ашылған.

Бейнебақылау камераларынан әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өз тәрбиеленушілерін ұрып-соққаны анықталды. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Сотта медбике өз кінәсін мойындады. Ол төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: