Павлодар қаласы әкімінің орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

 Арслан Қалияқбаров, Павлодар қаласының бұрынғы әкімі, парақорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 18:21 Сурет: Zakon.kz/Ирина Адылканова
Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында облыс орталығы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров "аса ірі көлемде пара алу" бабы бойынша сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Сот үкімімен Қалиякбаров Арслан Сержанұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу жазасы кесілді. Бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды", –  деді судья Әнуарек Оспанов.

Айта кетейік, үкім оқу кезінде сотталушы қатысқан жоқ, ол денсаулық жағдайын алға тартып, өтініш жазған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: