Нұр-Сұлтанда подъезден жас келіншектің денесі табылды
Сурет: polisia.kz
Тұрғын үйдің тұрғындары баспалдақ алаңында қан-жоса болып өлі жатқан әйелдің үстінен түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық жедел уәкілдер жедел іс-шаралар жүргізу барысында бір тәуліктің ішінде Ақмола облысының аумағында 37 жастағы күдіктіні ұстады.
Анықталғандай, ер адам бір күн бұрын аулада жас келіншекпен танысып, бос уақытын өткізу үшін оны өз пәтеріне шақырған. Отырыс барысында күдікті мен қонақтың арасында жанжал туындап, ер адам спорттық зілтемірдің белтемірін алып, жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасаған. Әйелдің есінен танып бара жатқанын көрген ол оны пәтерден алып шығып, баспалдақ алаңында қалдырған.
Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript