Екібастұзда тұрғын үйлердің бірінің подъезінен ер адам өлі табылды
Сурет: Zakon.kz
2 тамызда Королев көшесіндегі үйдің тұрғындары полицияға жайсыз хабарды жеткізді. Марқұм 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары осы қылмысты жасады деген күдік бойынша 57 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Ер адамдар ішімдік ішіп, көңілді бас қосудың соңы жанжалға ұласқаны белгілі болды. Өзара жанжал кезінде күдікті екіншісіне пышақ сұғып, ол оқиға орнында қаза тапты.
Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изольяторына қамалды.
ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript