Талдықорған маңында жүк таситын локомотив жеңіл көлікті соғып, үш адам зардап шекті

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2022 22:04 Сурет: polisia.kz
Жол апаты 8 қыркүйекте таңертең Ескелді ауданында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ВАЗ-2109 көлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші локомотивтің жақындап келе жатқанына қарамастан теміржол өткелінен өтпекші болып, бірақ үлгермей қалды. Көлік алған соққыдан 15-20 метрге ұшып кетті.

Көлік салонындағы үш адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: