Павлодарда зейнеткер көлік астына түсіп, мерт болды
Сурет: Zakon.kz
Қарт адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облысы ПД мәліметінше, кісі өліміне әкеліп соққан жол апаты 9 қыркүйекте Павлодарда Торайғыров көшесінде орын алған. Mazda жүргізушісі белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен зейнеткерді қағып кетті.
Егде жастағы ер адам жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.
Полицейлер көлікті арнайы айып тұрағына қойып, сараптама тағайындады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript