Қызылордада күйеуінің қолынан қаза тапқан келіншекке қатысты тың дерек жарияланды
Қызылордада үш баланың анасы қаза тапты. Ажар Шадиева қайғылы оқиға күні дәмханада күйеуімен, құрбысымен және тағы екі туысымен бірге өз туған күнін атап өткен, деп хабарлайды Еуразия Бірінші арнасы.
Әйел үйіне ерте қайтқысы келіп, отырыстағыларды асықтырады. Бұл оның күйеуінің ашуын тудырады. Ер адам оны сол арада сабай бастайды. Кейін оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері келеді.
Учаскелік полиция қызметкері дәмханада Ажар тастап кеткен телефоннан оның анасына қоңырау шалған. Сөйтіп олардың дәмхана ақшасын төлемегенін айтқан. Ол анасына: "Қызыңызды ауруханаға апарасыз ба, өйткені күйеуі оны есінен танғанша сабаған", - дейді. Анасы жанұшыра қызының үйіне жеткен. Күйеу баласы әйелінің ұйықтап жатқанын, себепсіз оны мазаламауды сұрайды. Жанұшырған ана көрпеге жабысып, оны тартып қалады. Сол кезде ол қызының бақилық болғанын бірден түсінеді. Күйеуі мен оның досы денеден құтылғысы келіп, мәйітті жуындырып үлгеріпті, үстіне көп көрпе де төсеп тастаған. Марқұмның тәтесі Жұлдызай
Ажардың бет-аузының сау-тамтығы қалмаған. Жақындарының айтуынша, күйеуі оны темірмен ұрған.
Марқұм келіншектің құрбылары оның бұрыннан күйеуінің тепкісіне төзіп жүргенін айтады. Ажырассаңшы дегенде, ол өздерінен алшақтай бастапты. Бір күн бұрын ғана ол 27 жасқа толған. Үш бала анасыз қалды, олардың ең кішісі - екі жаста.
Марқұмның құрбысы Белла Іңкәрбекова Ажар өз балаларын жақсы көретінін, жұмыс істегенін және оларды жалғыз өзі қамтамасыз еткенін айтады. Ол жақын күндері нотариус лицензиясын алуы керек болыпты. Балалардың әрқашан тамағы тоқ, киімі бүтін болатын.
Ажарды қаралы қауым соңғы сапарға шығарып салды. Полиция қылмыстық іс қозғады, күдікті ұсталды.
Кісі өлтіргені үшін ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полиция өз қызметкерлерінің немқұрайлылығына қатысты құқықтық баға беруге және қандай да бір шешім қабылдауға уәде берді.