ШҚО-дағы түрмелердің біріне WiFi-роутерді тығып өткізбек болған адам тұтылды

Тыйым салынған заттар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2022 23:46 Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
ШҚО колониясының біріне белгілі бір иісі бар 10 литрге жуық белгісіз сұйықтықты, ұялы телефондарды, қуаттағыш құрылғылар, телефонға арналған гарнитураны, сондай-ақ 4 G WiFi маршрутизаторын өткізудің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнгі уақытта ШҚО-дағы 22-ші колония қызметкерлері мекеменің қоршауы арқылы ішінде тыйым салынған заттары бар 9 ораманы лақтырып, оны темір тордың арғы жағындағыларға жеткізуді көздеген Өскемен қаласының 37 жастағы азаматын ұстады.

Тексеру нәтижесінде ұялы телефондар, қуаттағыш құрылғылар, телефон гарнитуралары, ерекше иісі бар сұйықтық, сондай-ақ 4 G WiFi маршрутизаторы табылып, тәркіленді. Ұсталған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: